Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары» тақырыбындағы отырыста айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бізде жаман аурудан жыл сайын 13 мың қазақстандық қайтыс болады. Асқынған үшінші, төртінші стадияда анықталатын науқастар саны өте көп. Өкінішке қарай, ауруды ерте анықтау деңгейі өте төмен болып тұр. Онкологиямен ауыратындардың қатары жасаруда. Қазір негізі басым көпшілігі жастар деп айтуға болады. Өте жас балалар, жас азаматтар ауырып, олардың саны күннен-күнге өсіп жатыр. 2023 жылы онкологиямен ауру көрсеткіші өсті, - деді мәжілісмен.
Асхат Аймағамбетов науқастарды емдеу құрылғылары біршама ескіргенін атап өтті.
Сәулемен емдеу құрылғылары ескірген. Маммографтар, цифрлы тиісті басқа да құрылғылардың барлығы да ескірген. Мысалы, ПЭТ, КТ-лар бойынша жеткіліксіз. Эндоскоптардың 48 пайызы, маммографтардың 40 пайызы ескірген. Осыдан кейін ауруды ерте анықтау туралы қандай сөз қозғауға болады? - деді Аймағамбетов.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар