Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚР МСМ Туризм индустриясы комитеті онлайн казиноларды анықтау және бұғаттау бойынша жұмыс жүргізіп келеді. Осы жылдың басынан бастап 3670 интернет-казино бұғатталды. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сондай-ақ сот шешімінің негізінде 5 букмекерлік кеңсе мен 2 тотализатордың лицензиясы тоқтатылды. Бұған лицензиялық алымды төлеу бойынша қарыздар, ойын аймақтарынан тыс тіркеу, міндетті резервтің болуы бойынша талаптарды орындамау және басқа да бұзушылықтар негіз болды.
2022 жылы комитет 4 ойын автоматтары залына қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізген болатын. Тексеру нәтижелері бойынша 1 зал жабылып – лицензиядан айырылды, 3 залдың қызметі тоқтатылды және 6 әкімшілік айыппұл салынды.
Жасыратыны жоқ, онлайн-казинолар және, атап айтқанда, олардың жарнамалары оңай жеңіске жетуге уәде береді - құмар ойыншылардан ақша табуға тырысады. Бұған қарсы тұру үшін біз интернетте мониторинг жүргіземіз және қолданыстағы лицензияларды тексереміз. Мысалы, 4 букмекерлік кеңсенің, 3 тотализатордың және 1 ойын автоматтары залының лицензияларын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп атап өтті мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.
2019 жылы елде интернет-ресурстарды мониторингілеу үшін «Кибернадзор» ақпараттық жүйесі іске қосылды. Бұл бірден бірнеше мемлекеттік органдарға, соның ішінде Мәдениет және спорт министрлігіне интернет-казиноларды жедел анықтауға және оларға кіруге тыйым салуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Ақпарат және қоғамдық даму министрлігімен бірлесіп анықталған интернет-казиноларды бұғаттау туралы ақпаратты қарау мерзімін қысқарту жөнінде шаралар қабылданды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары