23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда ресми жұмысынан айырылған азаматтар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем ала алады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл – жаңа жұмыс іздеу кезеңінде азаматтарға уақытша қаржылай қолдау көрсетуге арналған мемлекеттік шара.
Төлем алу үшін азамат міндетті түрде:
Төлемнің мөлшері – жоғалған табыстың 45%-ына дейін, төлеу мерзімі – 1 айдан 6 айға дейін, бұл азаматтың соңғы 24 айдағы табысына және әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты есептеледі.
1-қадам. eGov.kz порталына кіру және ЭЦҚ арқылы авторизациялау.
2-қадам. «Жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру» бөлімінен «Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу» қызметін таңдау.
3-қадам. Онлайн өтінішті толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою.
4-қадам. 1 жұмыс күні ішінде халықты жұмыспен қамту орталығы (ХЖҚО) сізге бос жұмыс орындарын ұсынады.
5-қадам. Егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде онлайн түрде жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда ХЖҚО қызметкері қосымша ақпарат алу үшін хабарласады).
Сондай-ақ бұл қызметті enbek.kz электронды еңбек биржасы арқылы да рәсімдеуге болады.
Жұмыссыз мәртебесі тіркелген соң, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйесі сіздің телефоныңызға SMS-хабарлама жібереді. Хабарламада әлеуметтік төлемді проактивті түрде тағайындауға келісу сұралады. Сіз келіссеңіз, төлем автоматты түрде тағайындалады.
Career Enbek платформасында жұмыссыз азаматтар кәсіби біліктілікті растау үшін ваучер ала алады. Бұл бір реттік мүмкіндік азаматтың дағдыларын және тәжірибесін құжат жүзінде бекітіп, жұмысқа орналасуды жеңілдетеді. Өтініштерді қабылдау және кеңес беру қызметін еңбек мобильділігі орталықтары көрсетеді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік