Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекМемлекет басшысы IV Ұлттық құрылтайда 2025 жыл Жұмысшы мамандықтар жылы болып жарияланғанын еске салып, жастардың мүмкіндіктерін кеңейту және кәсіптік бағдарлауды дамыту қажеттігін атап өтті. Сарапшылардың болжамы бойынша, алдағы 6 жылда жұмысшы мамандық иелеріне сұраныс 400 мыңнан астам адамды құрайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы 6 жылда кадрларға жиынтық сұраныс саны 1,6 млн адам болады деп күтілуде, оның ішінде 900 мыңға жуығы кәсіптік-техникалық білімі бар қызметкерлерге, 400 мыңнан астамы жұмысшы мамандық иелеріне тиесілі болады. Жұмысшы кадрлар құрылыс, ауыл шаруашылығы, өңдеу өнеркәсібі және денсаулық сақтау салаларында аса сұранысқа ие, – деді Еңбекмині Халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Азиз Ибрагимов.
ҚР ЕХӘҚМ мәліметінше, құрылыс саласындағы ең үлкен сұраныс мынадай мамандықтарға күтіледі: сылақшылар – 9 758 адам, құрылыс бригадаларының прорабтары – 9 477 адам, дәнекерлеушілер – 7 229 адам; ауыл шаруашылығы саласында: фермерлер – 10 695 адам, тракторшылар – 7 141 адам, ірі қара малды өсіру бойынша – 4 940 адам; өңдеу өнеркәсібінде: дәнекерлеушілер – 3342 адам, тігіншілер мен киімді қалпына келтірушілері – 2606 адам, өнеркәсіптік жабдықтардың слесарлары – 2367 адам, сантехниктер мен құбыр өткізуші – 2051 адам; денсаулық сақтауда: орта медициналық персонал – 24 614 адам, жедел жәрдем жүргізушілері – 4 604 адам, фельдшерлер – 4 536 адам.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?