7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Қазақстанда «Жұлдызды жол» телевизиялық жобасының жаңа маусымы басталды. Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, бұл жобаның мақсаты – жас таланттарға кәсіби қолдау көрсету және сахнада, камера алдында тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беру, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жобаның форматы бойынша қатысушылар Алматыдағы лагерьде тұрып, күнделікті дайындық жүргізеді. Вокал, аспаптық сабақтар, шеберлік сыныптарына, музыкалық қойылымдар түсіріліміне қатысады. Әрбір қатысушы тәжірибелі тәлімгерлермен жұмыс істейді.
Жобаға 16-21 жас аралығындағы жас дарындар қатыса алады. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның түрлі өңірлерінен 354 өтініш қабылданды. Іріктеу қашықтықтан тыңдау арқылы бірнеше кезеңде өтті, - делінген мәліметте.
Қатысушылар вокал, классикалық музыкалық аспаптар және ұлттық музыкалық аспаптар бағыты бойынша іріктелді.
Іріктеу нәтижесі бойынша Қазақстанның 14 қаласы мен өңірінен барлығы 48 талантты қатысушы финалдық кезеңге өтті.
«ЖҰЛДЫЗДЫ ЖОЛ 2025» тележобасының премьерасы 2025 жылғы күзде «Евразия» телеарнасынан көрсетіледі. Көрермен жас өнерпаздардың алғашқы дайындықтарынан бастап, эфирге дейінгі шығармашылық жолына куә болады.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?