Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекІшкі істер министрлігі бұйрықты талқылауға шығарды. Жаңа ережеге сәйкес, шетелдіктер электронды үкімет порталы арқылы ЖСН ала алмайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ЖСН алу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығына өзі келіп, өтініш беруі қажет.
Енді бұл қызметке жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіріп, құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын тексеріп, Халыққа қызмет көрсету орталығының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде (ИИЖ) өтінішті толтыру қажет.
ҚР азаматтығы жоқ, бас бостандығынан айырылған шетелдіктер және тұрақты тұрмайтын адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайда, мемлекеттік қызметті алу үшін осы қағидаларға қосымшаға сәйкес өтініш негіз болады, – делінген құжатта.
Егер шетелдік азаматтың Халыққа қызмет көрсету орталығына тапсырарда құжаттары толық болмаса немесе қолданылу мерзімі өтіп кетсе, құжаттары қабылданбайды. Мемлекеттік қызметті көрсетілмейтіні туралы қолхат беріледі.
Айта кетейік, ескі ереже бойынша шетелдіктер ЖСН-ді халыққа қызмет көрсету орталықтарында, екінші деңгейлі банктерде немесе ҚР азаматы саналатын ресми өкілінің көмегімен электронды үкімет порталы арқылы алатын еді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?