6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЕлімізде жол құрылысына экологиялық тұрғыдан тиімді шешімдерді енгізу бағытында жаңа ғылыми жоба басталды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ескірген асфальтты қайта қалпына келтіріп, оны жол жабындарының жоғарғы қабаттарында қайта пайдалануға мүмкіндік беретін инновациялық технологияны жасауға кірісті.
Мамандардың айтуынша, бұл зерттеу жұмысы құрамында асфальтбетонды жасартатын жаңа қоспа дайындауға бағытталған. Мұндай технология құрылыс қалдықтарының көлемін азайтып, энергия шығынын төмендетуге және көмірқышқыл газының шығарындыларын қысқартуға ықпал етеді.
Біздің мақсат - жаңа материал өндіруден гөрі қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану. Бұл қоршаған ортаға түсетін салмақты азайтып қана қоймай, жол саласын экологиялық және технологиялық тұрғыда жаңа деңгейге шығарады, - дейді ҚазжолҒЗИ жол-құрылыс материалдары және жаңа технологиялар бөлімінің басшысы Салтанат Әшімова.
Жоба 2025-2027 жылдарға арналған ғылыми-техникалық бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Ғалымдар жаңа жасартқыш қоспаны Қазақстанның климаттық ерекшеліктеріне бейімдеуді көздейді. Нәтижесінде, жол жамылғыларының сапасы мен ұзақмерзімділігі артып, саланың айналмалы экономика қағидаттарына көшуі күшейеді деп күтілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі