22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыЖұмыс беруші қызметкерді тек жиі ауыратындығы үшін жұмыстан шығара алмайды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алайда заңда бұл ережеден кейбір ерекшеліктер қарастырылған.
Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми түсіндірме берді. Қазақстандықтарды алаңдатқан: «Жиі ауырып, ауру демалысына шығу – жұмысынан айырылуға себеп бола ма?» деген сұраққа министрлік нақты жауап берді:
Қызметкер ауруханада жатқан немесе емделіп жүрген кезеңде оны жұмыстан шығару – заңсыз. Бірақ кейбір жағдайларда еңбек шартын бұзу заңмен рұқсат етіледі, - делінген жауапта.
Еңбек кодексінің 54-бабы, 1-тармағына сәйкес, жұмыс беруші өз бастамасымен қызметкерді жұмыстан шығара алмайды, егер ол:
Алайда 52-бапта көрсетілген келесі ерекше жағдайлар бар:
Егер қызметкер ауру себебінен жұмысқа екі ай қатарынан үздіксіз шықпаса, және бұл жағдай заңмен қарастырылған ерекшеліктерге жатпаса, онда жұмыс беруші оны заңды түрде жұмыстан шығара алады.
Бірақ бұл тек уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (больничный лист) жабылғаннан кейін ғана жүзеге асады. Яғни жұмыстан шығару – «артқа датамен» немесе хабарламасыз жүргізіле алмайды.
Министрлік ескертеді:
Жұмыс берушінің әрбір шешімі Еңбек кодексіне сәйкес болуы қажет. «Жиі ауырады» деген субъективті түсінік жұмыстан шығару үшін заңды негіз бола алмайды.
Сондықтан қызметкерлерге мынадай кеңес беріледі:
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев