23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіШығыс Қазақстан облысында жер қойнауын пайдаланушы 14 компания өз міндеттемелерін орындамағаны үшін лицензиядан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша жер қойнауын пайдаланушы 177 компания жұмыс істейді.
Оның ішінде 21-і пайдалы қазбаларды игерумен, 66-сы барлау жұмыстарымен айналысады. Әрбір кәсіпорынмен жасасқан келісімшарттар бойынша олардың облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына және инфрақұрылымының жақсаруына жыл сайын қаржылай аударымдар жасауға міндеттемелері белгіленген. Өткен жыл бойынша 80 жер қойнауын пайдаланушы 34,5 млн теңге аударады деп күтілуде, - делінген ақпаратта.
Осы ретте, өз міндеттемелерін орындамаған компанияларға тиісті шаралар қолданылуда. Атап айтқанда, бүгінде 14 компания жұмыс істеуге қажетті лизензиядан айырылып отыр. Оның ішінде 4-і барлау жұмыстарымен, 10-ы пайдалы қазбаларды игерумен айналысады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады