Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерЭкология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев елімізде биылғы жазда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің болжамынша, маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы орташа қалыпта сақталады.
Солтүстік және орталық өңірлерде айлық орташа температура 17-20 градус шамасында болмақ, ал батыс аймақтарда 23-25 градус деңгейінде күтіледі. Оңтүстік-батыс пен еліміздің қиыр оңтүстігінде ауа райы әдеттегіден ыстық өтіп, жазық өңірлерде температура 24-28 градусқа дейін көтеріліп, ең жоғары көрсеткіш 45 градусқа дейін жетуі мүмкін. Батыс пен солтүстік-шығыс өңірлерінде жауын-шашын мөлшері климаттық нормадан аспайды, ал басқа аймақтарда жауын-шашын көлемі негізінен нормадан аз болады деп болжануда. Шілде айында ауа температурасы ел аумағында орташа деңгейде сақталады, тек шығыс пен оңтүстік-шығыс өңірлерінде температура климаттық нормадан 1 градусқа жоғары болады деп күтілуде, - деді министр Үкімет отырысында.
Жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормалар шегінде болмақ, алайда еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашын көлемі нормадан жоғары болуы ықтимал.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі