Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыӨнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, алдағы жылдары Қазақстанда автокөлік бағасы төмендеуі мүмкін. Бұған басты себеп – отандық өндірістің кеңеюі мен нарықта жаңа маркалардың көбеюі. Министр 2025 жылдың қаңтар айындағы статистикаға тоқталып, автокөліктердің жалпы бағасы 105%-ға өскенін, ал Қазақстанда құрастырылған машиналар бойынша өсім 101% деңгейінде қалғанын атап өтті. Яғни, импортқа қарағанда жергілікті өндіріс бағасы баяу өсіп жатыр.
Өздеріңіз білесіздер, қазақстандық зауыттар жыл сайын шығарылатын маркалар қатарын көбейтеді. Жаңа маркалар нарыққа шыққан сайын бағалар міндетті түрде төмендейді. Мұны нақты айта аламын. Отандық автокөлік өндірісінің артуы қытайлық көліктердің бағасының төмендеуіне де әсер етеді, – деді Ерсайын Нағаспаев.
Министрдің сөзінше, елдегі автосала тек құрастырумен шектелмей, толық өндірістік циклға қарай бет алып жатыр. Өткен жылы автомобиль өндірісі рекордтық өсім көрсетіп, машина жасау саласының 41,7%-ын құрады. Барлығы 171 мыңнан астам көлік шығарылса, оның 159 мыңы – жеңіл автомобильдер.
Оқи отырыңыз:
Екі жаңа жоғары технологиялық өндіріс іске қосылды. Осындай зауыттардың іске қосылуы автокомпоненттер өндірісін локализациялауға серпін берді. Мәселен, өткен жылы Алматы индустриялық аймағында автокомпоненттер технопаркі ашылды. Онда автокөліктерге арналған мультимедиа жүйелері мен орындықтар шығарылады, – деді министр.
Осылайша, өндіріс көлемінің артуы мен бөлшектердің ел ішінде жасалуы көлік құнын біртіндеп арзандатып, нарықтағы баға бәсекесін күшейтеді деп күтілуде.
Бұған дейін Volkswagen шығынын күрт қысқартқаны туралы жазған едік.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары