23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі әдеби саланы дамытуға және жас авторларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асыруда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлік мәліметінше, сондай жобаның бірі – Алматы облысынан бастау алған жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур.
Министрлік жанынан құрылған «Alqa»жастар клубының мүшелері балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына орай жазушының ауылы Қостөбеге барып, қаламгер оқыған тарихи мектеппен танысты.
Сонымен қатар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасазға табан тіреп, ақынның өмірінен сыр шертетін Мұқағали Мақатаевтың әдеби-мемориалды музейіне барды.
Музейдің үш экспозициялық залында ақынның 1200-ден аса экспонаты, жұмыс үстелі мен қолданған заттары және қолжазбалары қойылған. Сапар барысында жас ақындар жыр оқып, әдеби кеш өтті.
Іс-шара аясында қатысушылар Райымбек батыр ескерткішіне тағзым жасап, Көлсай, Шарын шатқалында болды.
Әдеби тур Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай Жетісу облысында жалғасады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік