6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерҚазақстанда отбасының әлеуметтік әл-ауқат деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін ресми онлайн-калькулятор іске қосылды.
Қазір калькулятор eGov Mobile қосымшасында қолжетімді. Оның көмегімен азаматтар отбасының қай әлеуметтік санатқа жататынын алдын ала бағалай алады.
Жаңа жүйе бойынша отбасылар әл-ауқат деңгейіне қарай A, B, C, D және E санаттарына бөлінеді. Осы санаттарға байланысты мемлекеттік жәрдемақылар мен әлеуметтік көмектің мөлшері немесе берілу мүмкіндігі анықталады.
Бағалау кезінде 6 бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткіш ескеріледі. Олардың қатарында отбасының табысы, мүлкі, отбасы мүшелерінің саны, балалардың, қарттардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы қарастырылады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, калькулятор азамат енгізген деректер негізінде есеп жүргізеді. Сондықтан оның нәтижесі тек ақпараттық сипатқа ие және жәрдемақыны тағайындау немесе тоқтату туралы ресми шешім болып саналмайды.
Жаңа ережелер 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жаңа жүйенің негізгі мақсаты – мемлекеттік әлеуметтік көмекті нақты мұқтаж отбасыларға бағыттау.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі