Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекӨнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары ауыл шаруашылығы техникасы саласындағы жетекші компаниялардың бірі — қытайлық «Zoomlion Agriculture Machinery Co., Ltd.» өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстан аумағында тракторлар өндірісін ұйымдастыру жоспарлары талқыланды.
«Zoomlion» компаниясы ауыл шаруашылығы техникасының кең ассортиментімен танымал, оның ішінде құрғақ солтүстік аймақтарға арналған техникалар, оңтүстік күріш алқаптары үшін машиналар, үнемді модельдер және егін жинағаннан кейінгі өңдеуге арналған техника бар. Бұл жоба Қазақстандағы «QazTehna» кәсіпорнымен ауқымды ынтымақтастықтың бір бөлігі болып табылады. Жыл сайын Саран қаласындағы зауытта 700-ге дейін трактор шығару жоспарланған.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі бұл серіктестіктен үлкен үміт күтеді және жобаны іске асыруда қолдау көрсетуге дайын. Ынтымақтастық өткен жылдың жазында лицензиялық келісімге қол қоюдан басталған болатын, енді өндіріс практикалық кезеңге өтіп отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?