Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚыркүйектен бастап банктер заңсыз ресімделген барлық несиелерді есептен шығаруға міндетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді жаңа несиелерден ерікті түрде бас тартқан азаматтар да осы санатқа ілігеді. Әр қазақстандық жаңадан несие алудан ерікті түрде бас тартуға өтініш бере алады. Егер өтініш қабылданса, ешбір банк немесе микроқаржы ұйымы оған жаңа несие бере алмайды.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңына енгізілген түзетулерге сәйкес, егер кредитор тыйым салынған кезде несие берсе, ол азаматтан оны төлеуді талап етуге құқығы жоқ. Заң 1 қыркүйектен бастап күшіне енді. Сонымен қатар банк қателікті анықтағаннан кейін үш күн ішінде несиені есептен шығаруы керек. Бұдан кейін олар қарызды өндіре алмайды, талап-арыз жаза алмайды. Әрі заңсыз несие туралы ақпаратты алып тастап, клиенттің несие тарихын түзетуі қажет.
Заң бойынша банктер екі санаттағы азаматтардың несиелерін есептен шығаруға міндетті: Несиелерден ерікті түрде бас тартқан тұлғалар;
2024 жылы 1 000 АЕК немесе 3 692 000 теңгеден асатын несие рәсімдеуге жұбайының келісімі болмаған тұлғалар.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?