23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіҚаржылық мониторингі агенттігі (ҚМА) заңсыз майнерлердің әрекетін тоқтатты. Тәркіленген цифрлық активтердің жалпы құны 642 мың долларды құрады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Агенттік мәліметінше, Қазақстанда заңсыз майнингке қарсы күрес жалғасып жатыр. 2024 жылдың басынан бері 17 қылмыстық іс тіркеліп, келтірілген залалдың жалпы көлемі 1,3 млрд теңгеге жеткен.
Заңсыз фермалар көбіне Астанада (6 жағдай), Шымкент пен Қостанайда (әрқайсысында 3 жағдай) анықталды. Тергеу барысында 642 мың АҚШ долларына тең цифрлық активтер бұғатталып, тәркіленді.
Кейбір майнингтік нысандар электр энергиясын ұрлау арқылы жұмыс істеген. Олардың тұтыну көлемі ірі қалалардың қажеттілігіне пара-пар болған. Сонымен қатар, жергілікті тұрғындар құрылғылардан шыққан шудан да шағымданған.
ҚМА атап өткендей, электр энергиясын заңсыз пайдалану өнеркәсіптің дамуына, шынайы бизнес-жобалардың жүзеге асуына және әлеуметтік нысандарды энергиямен қамтуға кедергі келтіреді.
Ал ресми статистикаға сүйенсек, соңғы үш жылда заңды майнинг бюджетке 17 млрд теңгеден астам қаржы түсірген. Бұл – саланы реттеу мен лицензиялаудың маңыздылығын көрсетеді.
Айта кетейік, Қазақстанда майнинг тек лицензиясы бар, жабдығы расталған, энергиямен жабдықтау келісімшарты жасалған әрі салық төлейтін компанияларға ғана рұқсат етіледі. Ал заңсыз әрекет қылмыстық жауапкершілікке әкеліп, елдің энергетикалық қауіпсіздігіне қатер төндіреді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады