Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды ұстауға бағытталған арнайы операция жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, Бас прокуратура, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ҚР Ішкі істер министрлігі бірігіп жүргізген арнайы операция барысында 30-дан астам адам ұсталған.
Операциялар бір мезгілде Жамбыл, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізілген. Ұсталғандар Қазақстанның Қырғызстанмен, Қытаймен және Өзбекстанмен шекаралас өңірлерінде құқыққа қарсы қызметті жүзеге асырғаны хабарланды.
Биылғы жылдың қыркүйек айында ҚР ҰҚК-нің қызметкерлері Маңғыстау облысында тұрғындардан ақша бопсалаумен айналысып жүрген қылмыстық топ мүшелерін ұстағаны белгілі. Сондай-ақ олар комитет қызметкеріне шабуыл жасаған.
Ведомство ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерін ұстау операциясы әлі жалғасатынын мәлімдеді.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары