1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді16 қыркүйекте Қазақстан аумағында үсік, жаңбыр, сондай-ақ бұршақ пен тұман күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.
Синоптиктердің болжамынша, түнде үсік жүреді:
Абай облысының шығысы мен орталығында, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында -2°С-қа дейін;
Ақмола облысының солтүстік-шығысында топырақ бетінде -1°С-қа дейін.
Атмосфералық фронтальді ағындардың әсерінен Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысы мен орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз қатты жаңбыр күтіледі, - делінген мәліметте.
Елдің қалған аймақтарында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.
Сонымен қатар, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады:
Жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында;
Аса жоғары өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде және Ақтөбе облысының шығысында.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?