Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Көрісу» – қыстан аман шығып, көптен кездеспеген туыстармен көрісіп, хал сұрасуға себепкер мейрам. Наурыз айындағы мерекелерге байланысты жолаушылар тасымалының көрсеткіші өсетіні түсінікті. Дегенмен биылғы жолаушылар ағынының өсуі жылдың алғашқы екі айында да байқалды. 2024 жылдың қаңтар-ақпанында көліктің барлық түрімен тасымалданған жолаушылар саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,3% өсті, - делінген ақпаратта.
Әуе қатынасын таңдағандар саны өткен жылдың қаңтар-ақпанымен салыстырғанда 17,4% артып, 2 айда тасымалданған жолаушылар саны 2 млн жолаушыны құрады. Теміржол көлігімен тасымалданғандар саны 3,4 млн адам болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 10,2% артық.
Жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс екі айда 108,9 млрд теңгені, пойыз тасымалынан - 19,6 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, Алматы әдеттегідей саяхаттаушылар көп баратын елдімекен боп қалып отыр – барлық тасымалданған жолаушылардың 28,4% сонда жетсе, Астанаға жолаушылардың 15,7%, Қарағанды облысына 7,1% барған.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары