23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Шавкат Рахмонов Қазақстанда UFC турнирін өткізу туралы сұраққа жауап берді. Аралас жекпе-жек шеберінің сөзінше, трансляцияның өзін көрсете алмай жүргенде, жекпе-жектер өткізу тіпті қиын. Бұл туралы «Вестник ММА-ге» берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«Бізде ММА, UFC-ді жақсы көретіндер көп. Қазақстанда жекпе-жек өткізгенін бәрі қалайды. Меніңше, Қазақстанда мұндай турнир өткізуге әлі ерте. Олар тым құрыса трансляцияны сатып алсыншы. Менің жекпе-жектерімді көрсеткені есімде жоқ. Трансляцияны сатып ала алмай жатқанда, турнир өткізу туралы сөз қозғаудың қажеті де жоқ.
UFC турнирі өте қомақты қаражатты талап етеді. Бұл қаражатты шын мұқтаждарға жаратқан дұрыс деп ойлаймын. Бұл менің пікірім. Спорт деген жақсы ғой, бірақ тым көп ақша кетеді. Трансляцияны алса да, біздің жанкүйерлер қуанып қалушы еді», - деді Шавкат.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік