2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрҚазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) өткізу ережелері өзгертілді. Енді тестке тіркелгенімен, белгілі бір себептермен емтиханға келе алмаған талапкерлер оны басқа күні тапсыра алады. Тиісті бұйрыққа Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойды, деп хабарлайды El.kz.
Құжат 2017 жылдан бері қолданылып келе жатқан ҰБТ өткізу қағидаларына өзгерістер енгізеді.
Өткізіп алған тестілеуді басқа күнге ауыстыруға болады
Жаңа ережеге сәйкес, ҰБТ-ға қатысуға өтініш бергенімен, тестілеуге келмеген талапкерлер тестті ҰБТ өтіп жатқан кезеңдегі келесі күндердің бірінде тапсыра алады. Бірақ бұл тек бос орын болған жағдайда ғана мүмкін.
Мұндай мүмкіндік келесі дәлелді себептер болған жағдайда беріледі:
Бұл жағдайда талапкер Ұлттық тестілеу орталығының директорына өтініш жазып, оны растайтын құжаттарды ұсынуы тиіс.
Өтініш беру мерзімдері бекітілді
Ережеде тестілеуге қатысу үшін өтініш беру мерзімдері де нақтыланды. Онлайн өтініш беру келесі кезеңдерде жүзеге асады:
Тіркелу кезінде талапкер тестілеу өтетін орынды, емтиханның күні мен уақытын өзі таңдайды.
Мерзімінен кейін де тіркелуге болады
Егер талапкер белгіленген мерзімде өтініш бермесе, дәлелді себеп болған жағдайда оған кейін тіркелуге рұқсат берілуі мүмкін. Бұл да тек бос орын болған жағдайда іске асады.
Мұндай себептерге ауру, жақын туысының қайтыс болуы, олимпиадаларға қатысу немесе төтенше жағдайлар жатады.
Апелляция беру тәртібі өзгерді
Тестілеу аяқталғаннан кейін компьютер экранында нәтижелерді талдау картасы – жауап нұсқалары мен жиналған балл көрсетіледі.
Талапкерге нәтижелермен танысып, шешім қабылдау үшін 10 минут уақыт беріледі:
Апелляцияға өтінішті тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде беруге болады. Апелляция нәтижесі 30 жұмыс күні ішінде жарияланады.
Кейбір мамандықтар үшін пәндер комбинациясы өзгерді
Сонымен қатар «Химиялық инженерия және процестер» білім беру бағдарламалары тобына арналған бейіндік пәндер комбинациясы түзетілді.
Бұл мамандыққа түсу үшін талапкерлер:
Тестілеудің жалпы құрылымы өзгерген жоқ. Талапкерлер бұрынғыдай:
Бұған дейін Қазақстанда ҰБТ-ны халықаралық стандартталған тестілерге бейімдеу жоспарланып отырғаны белгілі болған еді.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова