Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары2025 жылдың қаңтары мен наурыз айлары аралығында елде 77,3 мың сәби дүниеге келген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, бұл көрсеткіш 2014 жылдың бірінші тоқсанынан бері ең төменгі деңгей.
Туу көрсеткішінің төмендеуі елдің барлық өңірінде байқалды. Антирекорд Ақмола облысында (-22%) және Жетісу облысында (-20,1%) тіркелді.
Жалпы туу коэффициенті (әр 1 мың адамға шаққанда) де төмендеді – 15,39, бұл -2,94 көрсеткішке азайғанын білдіреді.
Қайтыс болғандар саны да аздап қысқарып, 31 мың адамды құрады (7,2%-ға төмендеген). Алайда табиғи өсім (туылғандар мен қайтыс болғандар арасындағы айырма) да 20,7%-ға азайып, 46,3 мың адам болды.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар