10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыҚазақстанда 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков айтып берді. Оның сөзінше, соңғы 4 жылда түрмедегі адамдардың саны 7 мыңға жуық өсті. Бұл бөтеннің мүлкін ұрлау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық, мал ұрлығы мен жол-көлік оқиғалары саласындағы заңнаманың қатаңдатылуына байланысты.
Бүгінде елімізде 78 қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі жұмыс істейді. Онда 37 мыңнан астам сотталған жазасын өтеп жатыр. Оның 3 мыңға жуығы әйелдер және 50-ден астамы кәмелетке толмағандар. 93%-ы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін сотталған адамдар. Бұл ретте, сотталғандардың 45%-ы бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, ҚАЖК қоғамның ең күрделі санатымен жұмыс істеп жатыр. Осыған қарамастан, мекемелерде жедел жағдай тұрақты әрі бақылауда тұр. Қамаудағы әр адаммен психологтар мен мекемедегі әртүрлі қызметтер кешенді жұмыс жүргізеді.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді