20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгін Астанада Түрікменстанның Қазақстандағы мәдениет күндері басталды. Түрікмен ақыны Мақтымқұлы Пырағының «Ат исларин» шығармасына негізделген режиссер Арслан Еуебердиевтің «Истарян» көркем фильмінің көрсетілімі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Салтанатты ашылуға екі елдің мемлекеттік органдарының өкілдері, шығармашылық және ғылым саласындағы зиялылар, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов өз сөзінде Мақтымқұлы Пырағының айшықты орынын атап өтіп, оның рухани мұрасы күллі түркі әлеміндегі достық пен бейбітшілікті насихат ететінін атап өтті.
Ертең мәдениет күндері аясында ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың «Мақтымқұлы» кітабының тұсаукесері өтеді. Сол күні Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театрында Түрікменстанның халықтық қолданбалы өнері мен мұражай құндылықтарының көрмесі және гала-концерт өтеді.
Сәрсенбіде режиссер Хекім Алавовтың «Қызыл алма» көркем фильмінің көрсетілімі, «Ақылгөй» моноспектаклінің қойылымы және Түрікменстан ұлттық киімдерінің көрсетілімі өтеді.
27 маусымда екі елдің өнерпаздары Гала-концертте өнер көрсетіп, мәдениет күндерін аяқтайды.
Айта кетейік, Қазақстандағы Түрікменстан мәдени күндері – Түрікменстанның бай мәдени мұрасымен танысудың бірегей мүмкіндігі.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?