20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісЕлімізде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру қағидаларына өзгеріс енгізіледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өзгеріс жобасына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін арнаулы есепке қоймай, оларды беруге тыйым салынады.
Сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдар ғана жеке тұрғын үй құрылысы үшін беріледі. Бірақ сумен жабдықталмаған елді мекендердегі жер учаскелері электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана рұқсат етіледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады. Кодекстің 44-бабы 6-тармағының алтыншы бөлігіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін арнаулы есепке қоймай оларды беруге тыйым салынады, – делінген бұйрық жобасында.
Құжат Ашық НҚА порталында 2024 жылдың 19 қарашасына дейін жария талқыға ұсынылды.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?