Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҰлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2018 жылдың наурыз айынан бастап қайталама тұрғын үй нарығында бағаның төмендеуі байқалды. 2022 жылдың қарашасынан желтоқсанына дейін пәтерлерді қайта сату 1,5%-ға төмендеген деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Атап айтқанда, Астанада тұрғын үй бағасы 5,1%-ға, Шымкентте 2,7%-ға және Ақтауда 1,6%-ға төмендеді.
Желтоқсан айында абаттандырылған тұрғын үйді жалдау ақысы өткен аймен салыстырғанда 1,6%-ға арзандады.
Алайда жаңа тұрғын үйді сату бағасы керісінше 0,4%-ға өсті.
Жалпы алғанда, бір жыл ішінде қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы 21,6%-ға, жаңа тұрғын үйлердің бағасы 15,6%-ға өсті.
2022 жылғы желтоқсанда абаттандырылған тұрғын үй үшін жалдау ақысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 45%-ға өскен.
Өңірлерде бастапқы тұрғын үй нарығындағы бағалар бір жылда Ақтөбеде 29,3%-ға, Ақтауда 26,6%-ға, Семейде 22,3%-ға қымбаттады.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар