Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыСенаттың жалпы отырысынан кейінгі кулуарда ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов елімізде әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі күн тәртібінде қарастырылмағанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Министрлікте TikTok қана емес, жалпы барлық онлайн платформалар, әлеуметтік желілерді толығымен бұғаттау немесе шектеу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бірақ заңнаманы сақтау жөніндегі талаптар орындалмаған жағдайда, оның ішінде қолжетімділікті шектеуге байланысты шаралар көзделген, - деді Қанат Ысқақов.
Кулуарда тілші Мәдениет және ақпарат вице-министрінен бұған дейін әлеуметтік желілердің қандай жағдайда бұғатталғаны жайлы сұрады.
Бұғаттаған емеспіз. Біз TikTok-ты, Facebook-ты, YouTube-ты қашан бұғаттадық? Ондай жағдай болған емес, - деп жауап берді Қанат Ысқақов.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар