Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕлімізде терроризмді насихаттағаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстаған екі азаматқа қатысты сот процесі аяқталды. Екеуі де кінәлі деп танылып, ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұрын ҰҚК терроризмді насихаттағаны және басқа да қылмыстары үшін қамауға алған екі ҚР азаматына қатысты сот процесі аяқталды.
Солардың бірі – Тараз тұрғыны. Ол айналасындағыларды шетелдегі лаңкестер қатарында соғыс әрекеттеріне қатысуға шақырып, сонымен қатар өзі де оларға қосылуды жоспарлаған.
Тараз қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), діни араздықты қоздырғаны үшін (ҚК-нің 174-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Тағы бірі – Алматы тұрғыны. Ол бірнеше рет сотты болған, ғаламтор желісінде радикалды идеологияны насихаттаған.
Алматы қалалық сотының шешімімен ол терроризмді насихаттағаны (ҚК-нің 256-бабы), есірткіні заңсыз пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 296-бабы) кінәлі деп танылып, 7 жыл 1 айға бас бостандығынан айырылды.
Жалпы, 2024 жыл басынан террористік және экстремистік әрекеттері үшін 84 адам сотталған.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс