Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады«Қазтелерадио» акционерлік қоғамы 2025 жылдың төртінші тоқсанына арналған жоспарлы-профилактикалық жұмыстарды 16 қазанда өткізеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Компанияның мәліметінше, аталған жұмыстар аясында сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер уақытша тоқтатылады.
Жұмыстар жүргізу кезінде еліміздің барлық аумағында телерадиоарналарды қайта трансляциялау уақытша тоқтатылады, – делінген хабарламада.
«Қазтелерадио» АҚ бұл шаралар телерадио хабарларын сапалы тарату мен үздіксіз қызмет көрсетуін қамтамасыз ету мақсатында атқарылатынын атап өтті.
Компания жыл сайын тоқсан сайын жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады. Бұл - спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді уақытша жабу арқылы сапалы және тұрақты телерадиохабар таратуға бағытталған шара, – делінген компания хабарламасында.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары