13.05.2026
17:50
219
Жаңалықтар

Қазақстанда тариф қанша тұрады?

Елімізде жыл сайын ұялы байланыс тарифтері  қымбаттап жатыр. Нартай Сәрсенғалиев Мәжіліс отырысында осы туралы мәселе көтеріп, бағаға мемлекеттік бақылауды күшейтуді ұсынды. 

Депутаттың айтуынша, Қазақстанда 26 млн 300 мың ұялы байланыс қолданушысы бар. 18,8 млн мобильді интернет қолданушысы тіркелген. 

Елімізде ұялы байланыс тарифін байланыс операторлары есепсіз қымбаттатқан. Нақты дерек келтірсем,  2021-2023 жылдары 120 тарифтік жоспарды 20% - 90% дейін қымбаттатқан. 2024 жылы 140 тарифтік жоспарды 3% - 300% дейін қымбаттатқан. 2025 жылы 90 тарифтік жоспарды 14% - 75% дейін қымбаттатқан, – деді депутат.

Ол байланыс операторлары тарифтерді өз бетінше белгілегенімен, олардың қызметі мемлекет тарапынан бақылауда болуы тиіс екенін аайтып, норма енгізіуді ұсынды. 

 Қазақстандағы байланыс операторлары тарифтің бағасын, интернеттің құнын өзгертеміз десе,  Үкіметінің келісімін алуы керек. Бұл норма ұялы байланыс пен үйде тұратын (Қазақтелеком т.б.) барлық операторларға қатысты! Яки, баға өсіміне рұқсат берсе оған Үкімет жауап беруі тиіс. Қазір байланыс операторлары бағаны өз білгенінше көтеріп отыр, – деді ол. 

Депутат сөзіне министр Жаслан Мәдиев жауап берді. Ол тарифтердің қымбаттауына инфрақұрылымды жаңарту мен 5G желісін енгізу әсер еткенін мәлімдеді.

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда интернетті ауылдық елді мекендерге жеткізу және жаңа технологияларды енгізу үшін ауқымды инвестиция қажет. Кейінгі  үш жылда интернет тұтыну көлемі 70%-ға артқанын атап өтті. Министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта 1 гигабайт интернеттің орташа бағасы – шамамен 82 теңге.

Десе де, министрлік мобильді байланыс тарифтеріне қатысты антимонополиялық бақылауды күшейтуге дайын екенін жеткізді.

Тариф бағасы қалай құбылады?

Мәселен, «Теле 2» операторында тариф 5 990 - 7 990 теңге аралығында. Соның ішінде «Білім», «Льгота», «Бәріне хабарлас», «Өзімізге безлимит» тарифінде арнайы баға бекітілген. Ал отбасылық тариф қосқыңыз келсе, 12 790 - 16 790 тг аралығында ақша жұмсайсыз. 

«Актив» операторында тариф 4990 тг - 9990 тг аралығында жүреді. Отбасы тарифі айына 12 690 - 19690 теңге аралығында бар. Одан бөлек, «Жастар», «Актив үйде», «құрылғыға арналған»  және тағы басқа тариф көрсетілген. Мысалы, «Актив үйде» тарифі 15 990 - 23 990 теңгеге дейін 

«Билайн» операторында  «Отбасы»  тарифінің үш түрі бар, бағасы 14 999 - 22 999 теңгеге жетеді. «Мега»  тарифінің екі түрі – 7 999 - 11 999 теңге. Роутерге арналған тариф бағасы – 19 999 тг.