18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Қазақстанда салықтағы өзгерістер мен көлік жалдау құнының артауына байланысты такси бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Таксистердің шығыны өсуде
Келер жылы Қазақстанда такси қызметі бірден 40%-ға қымбаттауы ықтимал. Бұған басты себеп – салық жүйесіндегі өзгерістер және автокөлікті жалға алу ақысының өсуі.
Алматыда шамамен 30 мың такси жүргізушісі жұмыс істейді. Олардың айтуынша, қазіргі жалдау ақысы қазірдің өзінде қалтаға ауыр соғуда – орта есеппен күніне 17 мың теңге тұрады. Жүргізушілердің сөзінше, егер жалдау бағасы тағы көтерілсе, жұмыс істеу мүмкін болмай қалады.
Таксопарктердің ұстанымы
Таксопарк иелері бағаның көтерілуін мәжбүрлі шара деп түсіндіреді. Олардың айтуынша, тарифтерді түзетпесе, бизнес жабылудың алдында тұр.
Жаңа Салық кодексі қабылданса, бізге автокөлік жалдау бағасын шамамен 40%-ға көтеруге тура келеді. Бұл бірден қарапайым жүргізушілерге әсер етеді. Басқа амал жоқ, өйткені бұл – бизнесіміздің өміршеңдігі мен тұрақтылығына қатысты мәселе. Әйтпесе банкротқа ұшыраймыз, – дейді таксопарк басшысы Ілияс Оспанов.
Жолаушыларды не күтіп тұр?
Таксопарктердің болжамы расталса, келер жылы қазақстандықтар такси бағасының шамамен екі есе өсуіне тап болуы мүмкін.
Сонымен бірге таксистердің бір бөлігі нарықтан кетуі ықтимал. Бұл жағдай такси қолжетімділігі мен бағасына теріс әсер етіп, мәселені одан әрі қиындатады.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр