Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді2025 жылғы суару маусымында ел бойынша жалпы 11,01 млрд текше метр су алынды, оның 98%-ы оңтүстік өңірлерге тиесілі болған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Алматы облысында 136 мың гектар жер суарылып, шаруалардың қажетіне 1,6 млрд текше метр су алынды. Жетісу облысында 140 мың гектар егістік алқаптары суарылып, су алу көлемі 1,2 млрд текше метрді құрады. Жамбыл облысында шамамен 79 мың гектар жер суарылып, ал шаруаларға Тасөткел су қоймасынан, Шу және Талас өзендерінен барлығы 1 млрд текше метр шамасында су алынған.
Қызылорда облысында вегетация кезеңі қорытындысы бойынша 3,5 млрд текше метр су пайдаланылып, 125 мың гектар егістік жер суарылды. Түркістан облысында шамамен 400 мың гектар жерге су беріліп, жалпы көлемі 3,4 млрд текше метр су жіберілген.
«Оңтүстік өңірлерде биылғы вегетация кезеңі күрделі климаттық жағдайда өтті. Соған қарамастан, министрлік, жергілікті атқарушы органдар және шаруалардың үйлесімді жұмысының нәтижесінде суару маусымы тұрақты өтті. Біз оңтүстік өңірлерде судың әділ бөлінуін қамтамасыз ету үшін төрт жұмыс тобын құрдық. Сонымен қатар каналдар арқылы суды кезекпен беру кестелері бекітілді, сорғы қондырғылары мен тік дренаж жүйелері іске қосылды, су шаруашылығындағы жағдай тұрақты бақылауда болды. Коллекторлық-дренаждық су да қайта пайдаланылды», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады