Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті енгізу жұмыстары жалғасуда.
Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің мәліметінше, бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында дамып келеді.
Бұл қызмет алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында Астана – Алматы бағытында пилоттық жоба ретінде іске қосылып, жолаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Кейіннен сервистің ауқымы кеңейтіліп, Астана - Өскемен бағыты да қамтылды. Қазіргі уақытта спутниктік интернет аталған екі негізгі бағытта қатынайтын Talgo поездарында қолжетімді. Технологиялық тұрғыдан бұл жүйе «Jusan Mobile» операторының қатысуымен және «OneWeb» төмен орбиталы спутниктік жүйелерінің көмегімен жұмыс істейді.
Спутниктік байланыстың басты ерекшелігі - оның сигнал сапасы теміржол бойындағы жерүсті мұнараларына тәуелді емес. Төмен орбиталы спутниктер пойыз жоғары жылдамдықпен қозғалған кездің өзінде сигналдың кідіріссіз және тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жолаушылар жол бойы 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы интернетті пайдалана алады. Бұл жылдамдық мессенджерлерді қолдануға, видеолар көруге және басқа да цифрлық қызметтерді еш кедергісіз тұтынуға мүмкіндік береді.
Жобаны іске асыру халықаралық технологиялық компаниялар мен отандық байланыс операторларының серіктестігі арқасында мүмкін болды. Пойыздарға орнатылған арнайы жабдықтар қозғалыс жағдайында жұмыс істеуге толық бейімделген және вагондардағы қолданыстағы мультимедиялық жүйелермен интеграцияланған.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?