Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда шомылу маусымы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Елімізде 1 маусымнан 31 тамызға дейін суға түсу маусымы ресми түрде үш айға созылады. Осы жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і – балалар. 177 адам суға батып кетті, оның ішінде 53-і – кәмелетке толмағандар. Өткен 2022 жылғы шомылу маусымында су айдындарында 184 адам көз жұмса, (-4%), соның ішінде 62-сі – кәмелетке толмағандар (-15%).
Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйде шомылу, жүзе алмау. Ал балалардың суға кетуінің басты себебі – ересектердің оларды қараусыз қалдыруы, - дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Айта кетейік, жалпы республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, демалысқа тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары