Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстанда қазан айының екінші жексенбісі – Мүмкіндігі шектеулі жандар күні, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ерекше қажеттіліктері бар азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру және әлеуметтік қолдау – мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мүмкіндігі шектеулі жандар күні қарсаңында Қазақстанда «Шекарасыз мәдениет» акциясы жарияланды.
2024 жылғы 13 қазан мен 31 желтоқсан аралығында өтетін акция аясында I, II және III топтардың ерекше қажеттіліктері бар азаматтар мемлекеттік мәдени ойын-сауық мекемелері өткізетін іс-шараларға тегін қатыса алады.
Акцияның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандар үшін мәдениет нысандарының қолжетімділігін арттыру, елдің мәдени өміріне қатысуын қамтамасыз ету және олардың проблемаларына қоғам назарын аудару, - делінген мәліметте.
Бейінді мемлекеттік мекемелердің мәдени ойын-сауық іс-шараларына ерекше қажеттіліктері бар балалар мен бірінші және екінші мүгедектік тобы бар ересектер тұрақты түрде тегін қатыса алатынын атап өту қажет. Үшінші топ үшін 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары