12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікҚазақстанда шегірткемен күреске қосымша 3,9 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Премьер-министр Олжас Бектеновтің сөзіне қарағанда, бұған дейін бөлінген 4,2 миллиард теңге жетпей қалған.
Болашақ егіннің түсімі дер кезінде қабылданған шегірткемен күрес шараларына тікелей байланысты болмақ. Ол үшін республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінді. Сондай-ақ Үкімет резервінен қосымша 3,9 млрд теңге бағытталды. Зиянкестерге қарсы химиялық өңдеуге 400-ден астам арнайы техника тартылды, – деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының айтуынша, бүгінгі таңда өңірлердің көпшілігінде бұл жұмыстар сәтті аяқталып, ауқымды жұмыс атқарылған, соның арқасында шегірткенің таралуына жол берілген жоқ.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер