22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚазақстанда 1,8 млн гектар ауыл шаруашылығы алқабы шегіртке зиянкестеріне қарсы өңделді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елімізде үйірлі шегірткелерге қарсы ауыл шаруашылығы алқаптарын қорғау науқаны жалғасуда.
Бүгінгі таңда күрес шаралары аясында 1,8 млн гектар жерге химиялық өңдеу жүргізілді. Бұл жоспарланған 2,1 млн гектардың 86,6 пайызын құрайды.
Өңдеу жұмыстарына 459 бірлік арнайы бүрку техникасы жұмылдырылды.
Түркістан облысында химиялық өңдеу жұмыстары аяқталуға жақын, 371,79 мың гектар жер өңделген.
Жамбыл облысында 86,12 мың гектар (80%) алқапқа өңдеу жүргізілді.
Жұмыстар еліміздің тағы 13 өңірінде жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда: Қостанай облысында – 391,04 мың га, Ақтөбе облысында – 388,93 мың га, Батыс Қазақстан облысында – 191,48 мың га, Ақмола облысында – 65,31 мың га, Атырау облысында – 50,84 мың га, Қарағанды облысында – 39,28 мың га және басқа өңірлерде.
Ауыл шаруашылығы дақылдарына зиян келтіру жағдайлары тіркелген жоқ.
Өңірлер қажетті техникамен, химиялық препараттармен және басқа да ресурстармен толық қамтамасыз етілген.
Шегірткеге қарсы күрес шараларын ұйымдастыру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 72-53-83 нөмірлі Call-орталыққа немесе Telegram-арнадағы чат-ботқа («Саранча/Шегіртке 2025») хабарласуға болады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев