2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрКөктемгі егіс жұмыстары жоспарға сәйкес жүргізілуде. Бүгінгі күні 7 376,9 мың гектар жерге егін себілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Шаруалар 17,1 млн гектар алаңда ылғал жабу жұмыстарын жүргізді, 8,1 млн гектарда егіс алдындағы топырақ өңдеу, 1,9 млн гектарда көктемгі жырту жұмыстары атқарылды.
Ақмола облысында – 1 599,3 мың га, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 013,5 мың га, Қостанай облысында – 745,3 мың га, Павлодар облысында – 610 мың га, Қарағанды облысында – 548,1 мың га жерге егін егілді.
Дақылдар құрылымы бойынша: дәнді дақылдар – 4 645,9 мың га, майлы дақылдар – 1 658,5 мың га, мал азықтық дақылдар – 475,5 мың га, көкөністер – 101,7 мың га, картоп – 77,4 мың га, бақша дақылдары – 78,9 мың га, мақта – 141,2 мың га, қант қызылшасы – 17,7 мың га, күріш – 52,3 мың га және басқалары.
2025 жылға арналған минералды тыңайтқыштарды енгізу жоспары 1,9 млн тоннаны құрайды. 20 мамырдағы жағдай бойынша 1 010,5 мың тоннаға жеткізуге шарттар жасалды.
Биылғы жылға тұқымға қажеттілік – 2,3 млн тонна, 100% көлемде дайындалды. Толық сараптамаға 2,1 млн тонна тұқым тапсырылып, оның 1,9 млн тоннасы тексерілді, тексерілген тұқымның 99%-ы кондициялы деп танылды.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқанының барлық кезеңдерін бақылауда ұстап отыр. Өңірлердегі жұмыстар кестеге сай жүргізілуде, ресурс қамтамасыз етілуі тұрақты бақылауда.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова