Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарМәдениет және спорт министрлігі Үкіметтің «Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» қаулысын дайындады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Жоспар аталған спорт түрін дамытудың бірнеше бағытын қарастырады. Мәселен, мектеп бағдарламасына шахмат енгізу үшін білім беру бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептердің оқу жоспарларына шахмат бойынша факультатив енгізу, шахмат секцияларын кеңейту, шахматты ұлттық мектеп және студенттер лигасының бағдарламасына енгізу жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, педагогикалық бағыттар бойынша жұмыс істеп тұрған кафедралар базасында шахмат мұғалімдерін даярлау бойынша ЖОО штатында бірліктер бөлу, ЖОО-да шахмат клубтарын ашу ұсынылды.
Басқа бағыттар шахматты ақпараттық қолдауды және насихаттауды, оның ішінде турнирлер мен жарыстарды, соның ішінде халықаралық жарыстарды өткізуді көздейді.
Жоспарды іске асыру келесі нәтижелерге әкеледі деп күтілуде:
Құжат 13 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?