23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлерЕлімізде азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Үкіметтің жаңа қаулысына сәйкес, әскери есеп жүргізу және шақыру рәсімдері кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіріледі. Бұл өзгерістер әскери басқару жүйесін жетілдіруге, құжат айналымын оңтайландыруға және мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасуды жеделдетуге бағытталған.
Осы уақытқа дейін азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру барысында әскери есеп негізінен қағаз құжаттар арқылы жүргізіліп келді. Шақыру комиссияларының шешімі, медициналық куәландыру нәтижесі мен әскерге шақыру туралы құжаттар қағаз жүзінде рәсімделетін. Ал мемлекеттік органдар арасындағы ақпарат алмасу әртүрлі ақпараттық жүйелер мен ведомствоаралық сұраулар арқылы жүзеге асырылды. Енді бұл процестердің басым бөлігі бірыңғай цифрлық платформаға көшіріледі.
Жаңа қағидаға сәйкес, әскерге шақыру науқаны Қорғаныс министрлігінің цифрлық жүйесі (ЦС МО РК) арқылы жүзеге асырылады. Аталған жүйеде азаматтардың дербес әскери есебі жүргізіліп, шақырылушылар туралы мәліметтер қалыптастырылады, тексеріледі және өзге мемлекеттік органдардың дерекқорларымен автоматты түрде салыстырылады. Бұл әскери есептің өзектілігін қамтамасыз етіп, мәліметтерді өңдеу мерзімін қысқартуға мүмкіндік береді.
Енді шақыру комиссияларының шешімдері, медициналық куәландыру қорытындылары, әскерге шақыру туралы бұйрықтар және басқа да рәсімдік құжаттар электронды түрде рәсімделеді. Олардың барлығы электронды цифрлық қолтаңбамен (ЭЦҚ) куәландырылады.
Сонымен қатар мерзімді әскери қызметке шақырылатын азаматтар жеке деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді. Осы мәліметтер цифрлық әскери есеп картасына енгізіліп, әскери есеп жүргізу барысында пайдаланылады.
Жаңартылған қағидада азаматтарды әскери құрылымдарға іріктеу кезегі де белгіленді. Алдымен сарбаздар Мемлекеттік күзет қызметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне қажетті шақырылады. Кейін Ұлттық ұлан жасақталып, одан соң Қарулы күштер мен өзге де әскери құралымдарға бөлу жүргізіледі.
Бұл тәртіп әскери бөлімдерді жеке құраммен уақтылы толықтыруға және әрбір әскери құрылымның қажетін ескере отырып іріктеу жүргізуге мүмкіндік береді.
Үкімет қаулысының негізгі нормалары 2026 жылғы 4 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі. Ал жекелеген ережелер 12 шілдеден бастап күшіне енеді.
Жаңа өзгерістер әскери есеп жүргізу жүйесін жаңғыртып, азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру рәсімдерін толықтай цифрлық форматқа кезең-кезеңімен көшіруге мүмкіндік береді.
23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?