Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Республикалық трассаларды пайдаланатын қазақстандықтар үшін «Sapar» мобильді қосымшасы әзірленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Республикалық маңызы бар автожолдардың ұлттық операторы трассаларды цифрландыру шеңберінде онлайн және офлайн режимінде жұмыс істейтін «Sapar» навигациялық қосымшасын әзірледі.
Жол қозғалысына қатысушылардың хабардар болу деңгейін арттыру үшін қосымшада автожолдардың ағымдағы жай-күйі (трассаларды ашу/жабу, айналма жолдар, жөндеу жұмыстары және т.б. бойынша ақпарат), метеожағдайлар, жолдардың ақылы учаскелері бойынша жол жүру теңгерімін толықтыру туралы бөлімдер жұмыс істейді.
Аталған мобильді қосымшада республикалық трассалар бойында орналасқан жол сервисі туралы барлық өзекті ақпарат жинақталған. Қолданушылар қосымша қызметтерінің сапасын бағалай алатынын атап өту керек.
Қазіргі уақытта қосымша PlayMarket-те қол жетімді, жақын арада қосымша AppStore-да орналастырылады.
Бүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді