23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлімізде ауқымды жоба саналатын - республикалық «JARQYRA» кастингі басталады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, аталған іріктеу 15 қыркүйек күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін бірдей Қазақстанның 19 қаласында, мәдениет мекемелерінің базасында өтеді деп жоспарланған.
Жобаның мақсаты – аймақтардағы таланттарды анықтап, оларды отандық киноиндустрияға тартуды көздейді. Кастингтен сәтті өткен қатысушылар Орталықтың актерлік базасына енгізіліп, болашақ кино жобаларға қатысуға үміткер бола алады.
Іріктелген кандидаттардың деректері Орталықтың ресми сайты www.kazakhcinema.kz порталындағы онлайн актерлік базасына тіркеледі. Бұл платформа жаңа есімдерді іздеп жүрген продюсерлер мен кинокомпанияларға қолжетімді болмақ.
Мұндай жобалар Мемлекет басшысының мәдени саясатты жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүзеге асып, Мәдениет және ақпарат министрінің жүйелі басшылығымен жалғасып келеді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады