2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКелесі жылдан бастап Қазақстанда кейбір ресми құжаттарды алу құны қымбаттайды. Бұған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 3 932 теңгеден 4 325 теңгеге өсуі әсер етуде. Жаңа мөлшер 2026-2028 жылдарға арналған мемлекеттік бюджетте бекітілген, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
АЕК ұлғаюына байланысты мемлекеттік баж мөлшері де өзгереді. 2026 жылы негізгі құжаттар бойынша төлем төмендегідей болады:
Егер жеке куәлік бір жыл ішінде екі реттен жиі жоғалса, оны қайта алу құны 1 АЕК - 4 325 теңге болады.
Жүргізуші куәлігін алу құны 5 406 теңгеге (1,25 АЕК) дейін өседі.
Неке қию туралы куәлік үшін төлем де өзгеріп, 4 325 теңге (1 АЕК) болады.
Ал ажырасуды рәсімдеу 2026 жылы 8 650 теңге (2 АЕК) болып белгіленген. Биыл бұл көрсеткіш 7 864 теңгені құрады. Яғни некені тіркеуден екі есе қымбат.
Туу туралы куәлік алғашқы рет тегін беріледі. Бірақ құжатты қайта жасату қажет болған жағдайда 0,5 АЕК - 2 163 теңге төленеді.
Қандай азаматтар мемлекеттік баж төлеуден босатылады?
Кейбір санаттағы тұрғындар құжаттарды ақысыз аша алады. Олар:
Айта кетейік, бұған дейін келер жылы ең төмен жалақы қанша болатынан хабарлаған едік.
2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі2 Қараша, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс