12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен репродуктивті денсаулық апталығының қорытындысы бойынша кездесу өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оған ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ҮЕҰ және халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.
Ведомство мәліметінше, сарапшылар халықтың репродуктивті денсаулығын қорғауға және салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған шаралар кешенін талқылады.
Апталық акция аясында ақпараттық-ағартушылық іс-шаралар, емханалардағы ашық есік күндері, челлендждер, жасөспірімдерге арналған тегін тексерулер мен кеңестер ұйымдастырылды.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, аталмыш іс-шаралар репродуктивті денсаулықты нығайту және қауіп факторы туралы халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға бағытталған; салауатты өмір салтын насихаттау және аурудың алдын алу; репродуктивті денсаулық саласындағы ақпарат пен медициналық қызметтерді қолжетімді ету.
Айта кетейік, 2023 жылы ҚР МАМ отбасылық құндылықтарды нығайту және отбасы институтын дамыту мақсатында 5 гранттық жоба бекітті. Жоба ерте жүктілік, түсік түсіру, жыныстық жолмен берілетін инфекциялардың алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау туралы жасөспірімдердің сауатын арттыруға бағытталған. Аталмыш бастаманы жүзеге асыру үшін 350 волонтер оқытылды.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер