Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚазақстандық полицейлер бопсалаумен айналысқан 20-дан астам жастар тобын ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ІІМ жастар арасындағы бопсалау деректерін анықтап, олардың алдын алуды ерекше бақылауда ұстайды. Осы жылы полиция қызметкерлері бопсалаудың 400-ден астам дерегін тіркеген, оның 39-ы мектептер мен колледждерде жасалған.
Оқу орындарында 60 мыңға жуық профилактикалық іс-шара өткізілді, онда бопсалау, буллинг және зорлық-зомбылық көрсетумен байланысты мәселелер талқыланды. Мектептер мен колледждерде аноним сауалнамалар жүргізіліп, оқушылар арасында бопсалаудың 50-ден астам ықтимал дерегі анықталды. Барлық жағдай тексерілетін болады. Мұндай деректерді уақытылы анықтап, жолын кесу жасөспірімдер қылмысының алдын алуға ықпал етеді, - дедінген хабарламада.
Жыл басынан бері бопсалаумен айналысатын 23 жастар тобының әрекетіне тосқауыл қойылған.
Мәселен, қыркүйекте Ақтөбе қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері колледждің кәмелетке толмаған студентін ұстады. Ол 15 жастағы жасөспірімнен 50 мың теңге көлемінде ақша бопсалаған. Күдікті құрықталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.Жамбыл облысында жасөспірім жеке деректерді таратамын деп қорқыту арқылы өз қатарластарынан ақша бопсалаған. Осындай 8 факт тіркеліп, қылмыстық іс сотқа жіберілді. Петропавл қаласында полиция қызметкерлері жастар тобының мүшелерін ұстады. Олар зорлық-зомбылық пен қорқыту арқылы жәбірленушілерді қарыз рәсімдеуге мәжбүрлеп, кейіннен оны қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Күдіктілер қамауға алынды.
Естеріңізге сала кетейік, қылмыстың бұл түрі үшін 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі үнемі бақылауда.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?