Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты1 тамыздан бастап Қазақстанда Geely маркасының екі моделі айтарлықтай арзандаған, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Танымал Emgrand седаны мен шағын Coolray кроссовері тиісінше 2,6 млн және 3,8 млн теңгеге арзандаған. Kursiv сайтының мәліметінше, бағалар барлық жиынтықтарға қатысты төмендегенін брендтің ресми дистрибьюторы растады.
Дистрибьютор директоры Регина Амерханова бағаның түзетілуі дистрибьютор мен автозауыттың бірлескен бағдарламасы аясында қабылданғанын айтады.
Қазіргі нарықтық жағдайда көптеген автоконцерндер бағаларын көтеріп жатқанда, біз керісінше, заманауи әрі технологиялық Geely көліктерін барынша көп адамға қолжетімді етуді көздеп отырмыз, – деді ол.
Енді 2025 жылғы Emgrand бағасы 7,7 млн-нан 9,8 млн теңге аралығында болады. Ал жаңа Coolray 9,9-дан бастап 12,2 млн теңге дейін болады.
Осыған дейін Geely компаниясы Monjaro кроссоверінің жаңартылған нұсқасын дайындап жатқанын хабарлады. Автокөлік 272 ат күшіне ие қозғалтқышпен жабдықталады. Бұл қазіргі нұсқадан 34 ат күшіне артық.
Бұған дейін әлемдегі ең танымал 10 кроссовердің тізімі жарияланған еді.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды