Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекDDA Алматының коммуналдық агенттігі интернет жылдамдығы бойынша зерттеу жүргізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Екі күн бойы Алматыдағы 25 нүктеде интернет жылдамдығы өлшенген.
Нәтижесінде операторлар рейтингі мынадай болды:
Өлшеу күндізгі уақытта, 9.00-ден 19.00-ге дейінгі аралықта жүргізілген. Зерттеудің тазалығы үшін 5G желісінің мәліметтері ескерілмеген, себебі бұл желі елімізде барлығына бірдей қолжетімді деп айта алмасың.
2021 жылғы мәліметтер бойынша, қазақстандықтар жан басына шаққандағы трафикті тұтыну бойынша топ-15 елдің қатарына кіреді. Танымал Speedtest қосымшасының құрастырушысы ең жылдам интернеті бар елдер рейтингін жасағанда, бұл тізімде Қазақстан 72-орынға жайғасты.
Біздің ел Израиль (73-орын), Армения (80-орын), Египет (84-орын), Беларусьті (126-орын) артта қалдырды. Speedtest Global Index дерегі бойынша, Қазақстандағы мобильді интернеттің жылдамдығы 30,62 Мбит/с құрады. Бұл тізімде көш басында Катар тұр – 98 Мбит/с, бұл дегеніміз біздегі интернет жылдамдығынан алты есе жоғары көрсеткіш.
Орталық Азия бойынша ең жылдам интернет Алматы қаласында екен.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?