23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Қазақстанда «Shacman» секілді жүк көлігіне шектеу қойылмақ, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі Astana.tv-ға сілтеме жасап.
Олар шұрық-тесік етіп, жол сапасын құртады. Ал ақылы жолға төленетін ақша бұл шығынды өтемейді. Сондықтан бұл көлік түрін пайдалануға біздің елімізде тыйым салынады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев Астана қаласының тұрғындарымен кездесуінде айтты.
Сондай-ақ министрдің айтуынша, алдағы уақытта елордаға кіріп-шығатын жолдардың барлығына 220 камера қойылмақ. Ол автоматты түрде техникалардың салмағын өлшейтін болады. Егер тиісті мөлшерден артық жүк болса, бірден айыппұл салынады.
Жолдың сапасын құртатын жүк көліктерінің бірі - "Shacman". Басқа елдердің бәрінде бұл техника тек карьерде жүреді. Бізде ғана магистральды жолдарда жүруге рұқсат етілген. Шектеуді биыл қоямыз дегенбіз. Бірақ кәсіпкерлердің де жағдайын ойлаған дұрыс. Қазір елімізге дәл осы техника ағылып келіп жатыр. Батыс Қазақстан облысына барсаңыз жаңа жолдардың өзі ойылып кеткен, - дейді ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев
Министр бұл жолдарды салуға бюджеттен қыруар қаржы жұмсалғанын айтып отыр.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік