13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызІІМ "Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасын бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Құрметті азаматтар! 19 сәуірден бастап елімізде республикалық "Қауіпсіз жол" жедел-алдын алу іс-шарасы басталды. Бұл шараның мақсаты – тек жол жүрісі қағидаларын сақтау емес, әрбір жол жүрісіне қатысушы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру. Қазақта "жолда жүргеннің жөні болсын" деген сөз бар. Біз осы сөздің өмірлік қағидаға айналуын қалаймыз. Бұл - жай ғана ұран емес, бұл - еліміздің әр тұрғынының амандығы үшін маңызды міндет. Бүгінде жолда жасалатын әр құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі. Себебі жылдамдықты асырған әр көлік, назарсыз қалған әр сәт біреудің өмірін қиып кетуі мүмкін. Әсіресе ересектердің немқұрайлылығынан балалардың жол апатында зардап шегуі – орны толмас қайғы. Алдымызда мейрам күндері және жазғы демалыс. Бұл балалардың сыртта көп жүретін уақыты. Сол себепті біз баршаңызды бүлдіршіндер мен жеткіншектерді жолда қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек полиция қызметі емес, жалпыға ортақ міндет. Еліміздегі әрбір жол қауіпсіз болу үшін жұмыла атсалысайық, - деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды