Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыҚазақстан халқының бірлігі күніне орай Ұлттық статистика бюросы елімізде қанша түрлі ұлт өкілдері тұратыны туралы деректі жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінде Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде қазақтардың үлесі 70,6 пайыз болса, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар құрайды.
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мыңы, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам, - деп жазылған Ұлттық статистика бюросы таратқан мәліметте.
Сонымен қатар, елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты аз таралған этностардың да өкілдері бар. Ресми дерек бойынша, Қазақстанда барлығы 124 ұлт өкілі мекен етіп жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары